Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы
A- A A+

Саламатсызба, осы бөлімде ресми сайтымызға кірушілердің сұрақтарына жауап береміз. Төменде Сіз өз сұрағыңызды қоя аласыз, ал біз қысқа мерзімде жауабын беруге тырысамыз.

Комментарии  

# Лаура 30.11.2016 06:00
Саламатсызба, менің туысым 1979 жылы туылган азаматша, 2009 жылдан бері мүгедек, 1 рет 70 пайыз еңбекке жарамсыз деп танылып, 2 топ тағайындалды, содан бері әр жыл сайын қайта куәландыруга барып,сонгы 2-3 жылда 3 топ мүгедектігін алып келеді, Алайда алған жарақаттары өте ауыр болғандықтан / жабық бас ми жарақаты, омыртқаның, қолдың иық буыны,жамбас сүйегі сынық жарақаттары, омыртқа грыжасы/ жылдан жылга жұмыс істеу қабілетінен айырылып, қазіргі уакытта 3 жасар қызымен/әкесі қайтыс болған/, жұмыссыз, тек жәрдемақымен,пәтер жалдап, күн көріп отыр, Менің түсінбей отырғаным егер науқас жылдан жылға денсаулығы нашарлап, үнемі емделуге мұқтаж және еңбекке қабілеті алғашқыдан төмендегендігін көре тұра, жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті орган неге мүгедектік тобын алғашындағы 2 топтан 3 топка ауыстырады және мүгедектікті шексіз мерзімге тағайындау туралы шешім қабылдамайды?
Ответить
# Басқарма басшысының орынбасары С.Хангереев 05.12.2016 04:23
Құрметті Лаура Қайратқызы!

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Сіздің басқарма блогына жазған өтінішіңіз бойынша төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 23 қаңтардағы №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты мекен жайы бойынша не «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшiн уәкiлеттi органға (аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) өтiнiш жасайды.
Жергілікті уәкілетті жұмыспен қамту органдары Сізге, дерекқорда бос жұмыс орындары болған жағдайда мамандығыңыз бойынша тұрақты жұмыс орындарын ұсынады, немесе жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларымен қамтуға жәрдемдеседі.
Азаматтық және мемлекеттік қызметке орналасу конкурс бойынша жүзеге асырылады және бос жұмыс орындарына өткізілетін конкурстар жөнінде хабарландырулар республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Толық мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығына жолығуыңызға болады.
Ответить
# Умбетов сайлау утесинович 27.07.2016 19:33
Мен атырау облысы жылой ауданы кульсары қаласынын тұрғынынымын.2008жылы жұмыстан босап жуыспен камту болиминде есепте тұрамын. Осы күнге дейн али жұмысқа орналаса алмай келемин .тенгизге қаншама набор болсада мени жибер меди.мени шақыр майды. Твнысын болса оңай өтуге болады еки балам биыл мектеп бит рди. Сонда мен оларды калай асырап оқытасын. Жуыспен камту қандай адамдарды орналастырады мен 8жылдан бери суйретилип журмин .таныс тамырдын арқасында қаншама адам жұмысқа шығып жатыр мен енди кайда барам
Ответить
# Асантаев Жанат Асылханұлы 22.08.2016 04:20
Құрметті Сайлау Өтесінұлы!

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасайды.
Осыған байланысты, Сіз Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш жасауыңыз қажет.
Ответить
# Алтынгул 15.07.2016 12:25
Салеметтсизбе Менин тұрақты мекен жайым ауылда, калада жұмыс істеу үшін кайда жолыуға болады? Жд вокзал жакта жұмыспен қамыту орталығының мекен жайын айтамызда?рахмет
Ответить
# Асантаев Жанат Асылханұлы 02.08.2016 05:08
Құрметті Алтынгүл!

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасайды.
Төмендегідей құжаттар болуы қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы Сізге, дерекқорда бос жұмыс орындары болған жағдайда мамандығыңыз бойынша тұрақты жұмыс орындарын ұсынады, оқуға жолдайды, немесе жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларымен қамтуға жәрдемдеседі.
Толық мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуыңызға болатынын хабарлайды.
Ответить
# Лаура 18.06.2016 15:37
Салематсыздарма жумыска камту болимине тиркелу ушин кандай кужаттар керек блсем деген.
Ответить
# Басқарма басшысының м.а. С.Хангереев 27.06.2016 08:04
Құрметті Лаура!
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Сіздің жолдаған хатыңызбен танысып, төмендегідей хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген адам (жұмысқа орналасу үшін) жергілікті Жұмыспен қамту орталығына барып немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы төмендегі құжаттарды ұсына отырып, өтініш білдіруіне болады.
Аталған Заңға сәйкес, жұмыс іздеуші келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1. Жеке басын куәландыратын құжат;
2. Еңбек қызметін растайтын құжат;
3. Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді.
Облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
Сонымен қатар, Орал қаласында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылатынын ескертеміз.
Толық мәлімет алу үшін, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуыңызға болады.
Орал қаласының жұмыспен қамту орталығының адресі:
Орал қаласы, Достық-Дружба көшесі, 161 үй.
тел: 51 11 71, 51 44 93
P.S. Алып жүрген жалақыңызға байланысты туындаған сұрақтарыңыз бойынша қалалық білім беру бөліміне жолығуыңызға болатынын хабарлаймыз.
Ответить
# Арайлым 18.06.2016 06:47
Cаламатсыз ба. Менің қояр сұрағым. Тұрғылықты мекенжайым ауылда (Ақжайық ауданы). Жергілікті уәкілетті жұмыспен қамту органыны арқылы жұмысты Орал қаласынан таба аламын ба? Алдын ала рахмет!
Ответить
# Басқарма басшысының м.а. С.Хангереев 29.06.2016 11:40
Құрметті Арайлым!
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасайды.
Өтініш жасаған кезде төмендегідей құжаттар болуы қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы Сізге, дерекқорда бос жұмыс орындары болған жағдайда мамандығыңыз бойынша тұрақты жұмыс орындарын ұсынады, оқуға жолдайды, немесе жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларымен қамтуға жәрдемдеседі.
Толық мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталығына жолығуыңызға болатынын хабарлайды.
Ответить
# Марал Саматова 09.06.2016 16:19
Саламатсизба. Мен 2012 жумыспен камту 2020 багдарламасымен несиеге 200 000 тенге алып бир бузаулы сиыр алдым. Озим де куйеуімде жумыссызбыз. Енди жумыска кирейн десем жумыспен камту орталыгы тиркемейди. Кредитти толеп таста дид жумысым жок болса калай толеймин. Шыгып турган вакансияга кире алмаймын. Осынын он шешимин тауып бериниздерши. Орал каласы Жалпактал ауылы.
Ответить
# Басқарма басшысының м.а. С.Хангереев 21.06.2016 11:50
Құрметті Марал!

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Сіздің сауалыңыз бойынша Казталов аудандық жұмыспен қамту орталығымен хабарласып, олардың берген мәліметіне сәйкес төмендегідейді хабарлайды.
Өзіңізге мәлім, 2011 жылы «Ата-ана» несие серіктестігіне мүше болып, «Орал» ӘКК ҰК» АҚ арқылы «Жұмыспен қамту 2020», қазіргі таңда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында малдану мақсатында 200 000 теңге көлемінде алынған шағын несиеңіз бар. Сол уақытта Сіз, «Жұмыспен қамту» дерекқор базасына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушы ретінде енгізілдіңіз. «Жұмыспен қамту» дерекқор базасында әлеуметтік келісім шарттағы мерзімге сәйкес 2016 жылдың аяғында бітеді. Содан кейін барып «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелуге құқыңыз бар.
Жолдасыңыз С.Айсағалиев 21.12.2015 жылы жұмыссыз ретінде тіркелді. Алайда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптарын сақтамауына байланысты 18.04.2016 жылы жұмыссыздар қатарынан шығарылды.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 16 бабының 2 тармағына сәйкес, есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші адам ретінде қайтадан тіркеле алады.
Орталыққа тіркелген кезде жолдасыңызға, дерекқорда бос жұмыс орындары болған жағдайда мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орындарын ұсынады, оқуға жолдайды, немесе жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларымен қамтуға жәрдемдеседі.
Ответить
# Мирас 06.05.2016 06:42
Ассаламағаликум Жанболат Ғайнеш ұлы. Менин сизге койар сауалым. Мен жумыстан оз еркимен кетуге арыз берип едим басшылыгым кол коймады. Мен қайта арыз жазып тастап кетим жәнеде ескертим ертеннен бастап жумыска шыкпайтынымды. Енди маған сенин берешегин бар деп отыр. Кезекти демалысыма шыканда маган комекке акша коскан екен (матириалды комек деген) енди не істеуме болады булары зандыма.
Ответить
# Басқарма басшысының м.а. С.Хангереев 18.05.2016 04:18
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2016 жылғы 16 мамырда басқарма блогына келіп түскен 212.96.71.47 Мирастың сауалы басқарманың құзырына кірмегендіктен Сізге жолдайды.


Мирас

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы Сіздің арызыңыздағы мәселелер бойынша келесіні хабарлайды.
Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 56 бабымен реттеледі және олар келесідей:
1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.
2. Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, осы баптың 1-тармағында көзделген хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
Ал, жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегінің өтелуі Кодекстің 115 бабымен реттеліп, олар келесі жағдайларда жүргізіледі:
1. Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Кодексте көзделген жағдайларда жүргізіледі.
2. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді жазбаша хабардар ете отырып:
1) іссапарға байланысты, сондай-ақ іссапарға байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды бермеген жағдайда жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшалай сомаларды өтеу үшін;
2) оқыту шарты болған кезде жұмыскерді оқытуға байланысты шығындарды жұмыс берушіге еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде жұмыс істелмеген мерзімге пропорционалды түрде өтеуді көздейтін жағдайларда;
3) жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін;
4) осы Кодекстің 95-бабының 3-тармағын қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстыру немесе жұмыскерді одан кері шақыртып алу жағдайларында;
5) жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайларда жұмыс беруші актісінің негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларда, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға тиіс.
Осыған орай, жұмыс беруші еңбек шартты Сізбен, Кодекстің 56 бабында көзделген мерзімнің ішінде бұзуға және Кодекстің 115 бабында қарастырылған жағдайда жалақыдан ұстап қалуға құқылы.


Басқарма
басшысының орынбасары А.Тұйғынбетов
Ответить
# Асель 06.04.2016 04:56
Сәлеметсіз бе .2015 ж.оқу жылынан баламның денсаулығына байланысты жұмыстан шығып бос отырмын.қайта жұмысқа орналасу үшін құжаттарымды қайда тапсыруым керек
Ответить
# Иманғалиев Жанболат Ғайнешұлы 12.04.2016 07:46
Құрметті Әсел!

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты мекен жайы бойынша не «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшiн уәкiлеттi жұмыспен қамту органға өтiнiш жасайды.
Жергілікті уәкілетті жұмыспен қамту органдары Сізге, дерекқорда бос жұмыс орындары болған жағдайда мамандығыңыз бойынша тұрақты жұмыс орындарын ұсынады, оқуға жолдайды, немесе жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларымен қамтуға жәрдемдеседі.
Толық мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту органына жолығуыңызға болатынын хабарлайды.

Басқарма басшысының м.а. С.Хангереев
Ответить
# Нұркелді 02.01.2016 13:54
саламатсызба Жанболат Гайнешулы туракты жумыс болмай 2015 жылы тек когамдык жумыста жасадым менин сурагым когамдык жумыста не себепти стаж есептелмиди
Ответить
# Иманғалиев Жанболат Ғайнешұлы 15.02.2016 06:20
Құрметті Нұркелді!

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Сіздің басқарма блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегіні мәлімдейді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес, қоғамдық жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды делінген.
Жұмыс берушi мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» № 105-V Заңының 13 бабы 1-тармағына сәйкес, орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс есепке алынады.
Осыған орай, жоғарыда аталған заңға сәйкес, Сіздің жұмыс өтілініз жеке еңбек шарты бойынша есептелінетін болады.


Басқарма басшысы Ж.Иманғалиев
Ответить
# Жанболатова Айгерим Нурболаткызы 13.12.2015 10:03
Саламатсызба,Жанболат Гайнешулы,мен казирги танда жумыссызбын,1жаста балам бар,2014жылы М.Отемисов атындагы Батыс Казакстан мемлекеттик университетин бакалавр дарежесинде"Казак тилин окытпайтын мектептердеги казак тили мен адебиети"мамандыгы бойынша тамамдадым.Мекен-жайым:Жанибек ауданы , Тайманов кошеси 36 уй.Сизге деген отинишим жумыска орналаскым келеди жане кандай ауыл,ауданнан болса да карсы емеспин,озим окуды грантка окып битирдим.Сиздерден жауап кутемин жане алдын-ала уялы байланыс номеримди калдыргым келеди,87756949214,87056381471
Ответить
# Иманғалиев Жанболат Ғайнешұлы 28.12.2015 13:19
А.Н.Жанболатоваға

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты мекен-жайы (прописка) бойынша не «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш жасайды.

Жергілікті уәкілетті жұмыспен қамту органы дерекқорда бос жұмыс орындары болған жағдайда мамандығыңыз бойынша тұрақты жұмыс орындарын ұсынады, оқуға жолдайды, немесе жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларымен қамтуға жәрдемдеседі.

Толық мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» жолығуыңызға болады.
Ответить
# Орал қаласының тұрғыны 10.12.2015 13:04
Мен ауылдан көшіп келген қала тұрғынымын, қалай жұмысқа орналасуыма болады?
Ответить
# Иманғалиев Жанболат Ғайнешұлы 18.12.2015 06:36
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс iздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша не «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш жасайды делінген.
Сол себептен, егер Сіз қала тұрғыны болсаңыз «Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не барып жолығуыңызға болады. Мекен-жайы: Достық – Дружба даңғылы, №161 үй, 2 қабат, 2,4 бөлме. Жұмыс тәртібі: сағат 9:00 - 18:30, үзіліс: 13:00 – 14:30.
Байланыс телефондары: 25-25-51, 50-89-25, 50-49-25.
Егерде жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған жағдайда, мамандығыңызға сай тұрақты жұмыс немесе жастар практикасы, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстар және қайта даярлау курстары ұсынылатындығы туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, жоғары білімі бар тұлғалар бос мемелекеттік қызмет орындарына жариялымдар арқылы конкурстық негізде қатысуына құқығы бар.
Ол үшін, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N453 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай болуы қажет:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi лауазымдарға
қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға тиіс.
Ответить
# Каримов Байрам 10.12.2015 13:04
Мен Каримов Байрам Өзбекстан Республикасының азаматымын. Қазақстан Республикасына келіп, оралман мәртебесін қалай алуға болады?
Ответить
# Иманғалиев Жанболат Ғайнешұлы 18.12.2015 06:35
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңына (2013 жылғы 10 желтоқсандағы №153-V өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – Заң) сәйкес оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.
Заңның 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар жергілікті атқарушы органға оралман мәртебесін беру туралы өтініш береді.
Заңның 21-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасына келген және онда тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтініштерін өтініштер тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды.
Оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағына келген этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелеріне оралман куәлігін береді.
Ответить

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту
 

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Айтмухамбетов Калияр Шадиярович

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Гимні

ұлттық салтанатты ән