Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы

Бөрлі ауданы

Орал қаласы

Сырым ауданы


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасынының жүзеге асырылуы бойынша

 

Бағдарламаны жүзеге асыруға облысқа 3616,4 млн теңге қаражат қарастырылып, 4123 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 маусымына 1143 адам әртүрлі шаралармен қамтамасыз етілді.

Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 800 адамды оқытуға 158,7 млн. теңге қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 183 мобильдік топтар құрылып, оқуға жолданатын адамдардың тізімдері жасақталуда. Оқыту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 1077 адамды қысқа мерзімді курстарға жолдау мақсатында 95,4 млн.теңге қаражат бөлінді.

Есепті кезеңге 323 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды.

Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 374 адамға 1768,7 млн.теңге көлемінде несие беру (соның ішінде ауылдық жердегі 300 адамға 1474,0 млн теңге, қалалық жердегі 74 адамға 294,7 млн. теңге), 72 адамның несиесіне кепілдік беруге 190,4 млн.теңге жоспарлануда.

Бүгінгі күні несие алушылардың өтініштері қарастырылуда.

Бұған қоса, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 937 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда (барлығы 94,7 млн.теңге, соның ішінде 76,6 млн.теңге оқыту, 18,1 млн.теңге шәкіртақы).

Қазіргі таңда жоба бойынша жасақталған оқыту кестесіне сәйкес, 5 ауданда (Ақжайық, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Теректі) оқытудың 2 этапы басталып, 218 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды.

Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында:

- 420 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау (71,0 млн.теңге) жоспарланып, есепті кезеңге 387 адам жолданды.

- 515 жас маманды жастар практикасына жолдау (175,1 млн.теңге) көзделіп, есепті кезеңге 215 жас маман жолданды.

- 6073 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту (496,5 млн. теңге) көзделіп, есепті кезеңге 3410 адам тартылды.

Жаңа Бағдарламаны іске асыру барысында жыл соңына қарай жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0% (2017 жылдың 1 тоқсанына 5,0%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0% (2017 жылдың 1 тоқсанына 4,1%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2017 жылдың 1 тоқсанына 5,2%) құрайды деп жоспарлануда.

 

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Айтмухамбетов Калияр Шадиярович

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Гимні

ұлттық салтанатты ән