Бос орындар

«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

 090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2,  206 – бөлме, анықтама үшін телефондар 8 (7112) 508170, 513902; е-mail: u.sobes@bko.gov.kz

 

  1. Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, Д-О-4, Лауазымдық жалақысымемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:  

 Мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау, «Мемлекеттік сатып алу туралы»   Заңын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» негізінде уактылы өзгерістер және толықтырулар енгізу, мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасау, уақтылы мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда конкурстарды, басқа да хабарламаларды орналастыру, тиісті есебін жүргізу. Мемлекеттік сатып алу барысында құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру.

 Мемлекеттік сатып алуға байланысты бухгалтерлік құжаттардың дұрыс толтырылуын және жасалатын операциялардың заңдылығын тексеру, есепке алынатын бухгалтерлік құжаттардың (шот-фактура, жүк құжаттары және т.б.), орындалған жұмыстардың актілерін, өнім берушілерден алынған тауарлардың және көрсетілген қызметтердің төлем шоттарының жобасын және қазынашылық бөлімшесіне тапсырылатын азаматтық-құқықтық келісімдердің өтінімдері мен тізілімдерін «Қазынашылық-клиент» бағдарламасы арқылы аумақтық қазынашылық департаментіне жеткізуі.

Жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасын (ҚБШ), республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асыру.

Мекеменің қаржыландыру жоспарын уақытында орындалуын, соның ішінде басқарма қызметкерлерінің еңбекақысын уақытында төлеу, зейнетақы төлемдерін, салықты, әлеуметтік төлемдерді мерзімінде аудару, аудандық және қалалық ағымдағы трансферттерді уақытында аударуды қамтамасыз ету.

Басқарманың төлеуге берілетін шоттарын уақтылы және сапалы жасақталуы және «Қазынашылық-клиент» бағдарламасы арқылы аумақтық қазынашылық департаментіне мемлекеттік сатып алу бойынша жасақталған келісімдер бойынша  жеткізуі. Басқарма бойынша барлық жасақталған келісім шарттардың орындалу мерзімінің сақталуын қадағалау, орындалған келісім шарттардың портал арқылы жабылуын қадағалау.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Комиссия отырысы шешім етті:

Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Д-О-4  санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына Аскат Борисович Зейнедденовтың кандидатурасы қабылданбады.