Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы


Сыбайлас жемқорлық фактілері және этика нормаларының бұзылуы туралы қалай хабарласуға болады

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросына немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша Бюроның аумақтық департаменттеріне жүгіне отырып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық және этиканы бұзу фактілері туралы хабарлай аласыздар.

Өтінішті:
1. 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 пошталық мекенжайы бойынша жазбаша түрде;

Тәулік бойы call-centr 1424 нөміріне хабарласа отырып, Агенттік қызметінің мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес, мынадай өтініштер қарауға жатпайтынын түсіндіреміз, олар:
1) иесi бүркемеленген өтiнiш, яғни мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.

Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.

Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

Ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш иесi бүркемеленген өтiнiш болып танылатынын атап өтеміз.

 

 

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Айтмухамбетов Калияр Шадиярович

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Гимні

ұлттық салтанатты ән