Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) еңбек, жұмыспен қамту және  халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру,  оның орындалуын үйлестіру, әдістемелік жағынан  қамтамасыз ету;

2) жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейшілік ауқымын кеміту,  еңбекақы төлеуді жетілдіру бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар алу;

3) халықты атаулы әлеуметтік қорғау, мүгедектерді және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа да  тобын  қолдау жөніндегі шараларды  жүзеге асыру;

4) әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

5) республикалық және аймақтық деңгейде әзірленетін әлеуметтік нормативтер мен стандарттар, әлеуметтік бағдарламалар жобаларына ұсыныстар енгізу;

6) Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және облыс әкімі мен әкімдігінің  актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    

Басқарма өз құзыреті шегіндежәне заңнамаларда белгіленген тәртіппен төмендегідей  қызметтердіжүзеге асырады:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық қарасты органдарының қызметін үйлестіріп отырады және  ішкі ведомстволық бақылауды ұйымдастырады  оларға әдістемелік көмектер көрсетеді.

2) әлеуметтік-еңбек салаларында болып жатқан процестерді талдайды, істің жәй-күйі туралы қортынды құжаттар даярлайды және ахуалды болжайды;

3) әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкімі  аппаратына ақпараттар береді;

4)мүгедектерді оңалту бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, соғыс және еңбек ардагерлері мен жалғыз басты егде адамдарды, мүгедектерді және тағы басқа әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 

5)мүгедектерді арнаулы қозғалу, тифло-техникалық құралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен және санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;

6)бағыныстағы мекемелердің (интернат-үйлері) жұмысын бақылайды және әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады;  

7)облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді жоспарын әзірлеуге қатысады;

8) Облыс халқының әлеуметтік әлжуаз топтарына және аз қамтамасыз етілген бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарын және нормативтік актілерін орындау барысында уәкілетті органдарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;  

9) еңбек рыногы және бос орындар  бойынша аймақтық  дерекқор базасын  құру негізінде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстарға болжау және талдау жасайды, еңбек рыногының жәй-күйі туралы  халыққа, жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпараттар береді;  

10) жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, еңбекке орналастыруға жәрдемдесу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық дерекқор базасын құру және қолдау мәселелері енгізілген жұмыспен қамту бағадарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін басқа да іс шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді;

11) нарықтық қатынастар жағдайында  және еңбек рыногындағы қажеттілікке сәйкес жұмыссыздарды  кәсіби даярлаудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

12) инвестициялық бағдарламалар бойынша ұсыныстарды қараған кезде еңбек рыногының жағдайын ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу қажеттілігі туралы ұсыныстар  әзірлейді және енгізеді;

13) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарды қорытады және әзірлейді;

14) заңнамада  белгіленген тәртіппен кәсіпорындар мен мекемелердің  еңбек нормасын  сақтауын және еңбекақы төлеу жүйесін қарайды және   келіседі;

15) әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық, қалалық (аудандық) комиссиялар арқылы аймақтық деңгейдегі әлеуметтік әріптестіктің міндеттерін шешу жолдарын   үйлестіреді;

16)  ақпараттық технологиялар мен  программалық қамту  жөнінде және  ҚР халықтың әлеуметтік осал жіктері мен еңбек рыногының ортақ ақпараттық дерекқорын қалыптастыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;       

17) еңбек, жұмыспен қамту,  мүгедектерді және халықтың басқа да санаттарын қорғау мәселелерін реттейтін заңнамаларға сәйкес жәрдемақылар мен өтемақылар басқа да жеңілдіктер беру,  әлеуметтік  және еңбек мәселелері жөнінде  облыстық бағдарламалар әзірлеуге қатысады;

18) жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын  бағдарламалардың әкімшісі қызметін атқарады;

19) бірлескен міндеттерді шешу мақсатында басқа да жергілікті және аумақтық өкімет органдары, кәсіпорындар және  қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасайды;

20) мемлекеттік және өзге де тілдердің дамуын қамтамасыз етеді;

20-1) алынып тасталды;

21) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзіне жүктелген басқа да қызметтерді орындайды.

 

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Айтмухамбетов Калияр Шадиярович

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Гимні

ұлттық салтанатты ән